420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» хоккейшілері «Авангардты» жеңді

  • 188
  • UPD: 22:49, 23.12.2020
«Барыс» хоккейшілері «Авангардты» жеңді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық клуб соңғы ойындарда жоғары нәтижемен көзге түсіп келеді. Биыл олар соңғы сегіз кездесудің алтауында жеңіске жетті.

«Барыс» алғашқы шабуылының бірінде қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ойынның 1-минутында елордалық Роман Старченко мергендігімен көзге түсті. Ал 7-минутта ресейлік Кирилл Семёнов таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің 39-минутында «Барыс» қайтадан алға шықты. Бұл жолы Якоб Лилья мүлт кеткен жоқ. Үшінші кезеңнің 57-минутында елордалық Фил Вароне есепті үстемелей түсті. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, қазақстандық клуб соңғы тоғыз кездесудің сегізінде жеңіске жетіп отыр. Енді «Барыс» елордада қатарынан үш ойын өткізеді. Алдымен 26 желтоқсанда Ресейдің «Амур» (Хабаровск), 28 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір), 30 желтоқсанда «Металлург» (Магнитогорск) командаларымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы