420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин ХХІ ғасырдың үздік үш боксшысы тізіміне енді

  • 174
  • UPD: 14:42, 24.12.2020
Головкин ХХІ ғасырдың үздік үш боксшысы тізіміне енді

Танымал Give Me Sport басылымы жанкүйерлерінің дауысы және редакция пікірін ескере отырып жасалған 50 үздік боксшының тізімін ұсынды, деп хабарлады Prosports.kz.

Рейтингте филиппиндік Мэнни Пакьяо топ бастап тұр, екінші орынға америкалық кіші Флойд Мейвезер жайғасқан. Үздіктер үштігінде қазіргі орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин де бар.

Головкин кіші Рой Джонс (4), Владимир Кличко (5), Сауль «Канело» Альварес (6), Оскар Де Ла Хойя (8), Майк Тайсон (12) сияқты аңызға айналған шеберлерді шаң қаптырды.

Give Me Sport нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың ең ұлы 50 боксшысы тізімінің алғашқы 20 боксшысы:
1. Мэнни Пакьяо
2. кіші Флойд Мейвезер.
3. Геннадий Головкин
4. кіші Рой Джонс
5. Владимир Кличко
6. Сауль «Канело» Альварес
7. Леннокс Льюис
8. Оскар Де Ла Хойя
9. Бернард Хопкинс
10. Джо Кальзаге
11. Мигель Котто
12. Майк Тайсон
13. Василий Ломаченко
14. Тайсон Фьюри
15. Терренс Кроуфорд
16. Сергей Ковалев
17. Хуан Мануэль Маркес
18. Виталий Кличко
19. Марко Антонио Баррера
20. Эрик Моралес

 

Хабар 24 телеарнасы