421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асу Алмабаев жеңіл салмақтағы NFC чемпионы атанды

  • 105
  • UPD: 10:09, 25.12.2020
Асу Алмабаев жеңіл салмақтағы NFC чемпионы атанды

Алматыда қазақстандық Naiza Fighting Championship қазақстандық промоутері ұйымдастырған NFC 27 турнирі өтті, деп хабарлады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде M-1 Global-дың уақытша чемпионы (56 кг) Асу Алмабаев (11-2) Дархан Сқақовпен (3-0) кездесті. Айқас ұзаққа созылмады. Бірінші раундтың аяғында Асу қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Алмабаев мансабында он екінші мәрте жеңіске жетті. Бастапқыда Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасыуулына қарсы төбелеседі деп жоспарланған, бірақ ол шекарадағы мәселелерге байланысты Қазақстанға келе алмады.

Дархан Сқақов өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Үш мәрте жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы