Футзалдан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Соңғы минуттарда Көкшетаулық «Оқжетпес» Рудныйдың «Аят» командасынан жеңісті жұлып әкетті.
Көкшетаулықтар бас-аяғы 23 матч өткізіп, үш мәрте жеңімпаз атанды. Осылайша команда 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орынға орнықты.
Ал қоржынында 34 ұпайы бар рудныйлық клуб 4-сатыға жайғасты. Сондай-ақ бұл күні «Ақтөбенің» мерейі үстем болды.
«Каспийді» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ақтаулықтар бірінші таймда басым түскенімен әрі қарай сылбыр ойнады. Ақтөбеліктер 44 ұпай жинап, жарыс кестесінде екінші орынға шықты.