419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таеквондодан Азия чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

  • 165
  • UPD: 15:01, 25.12.2020
Таеквондодан Азия чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Азия таэквондо одағы (WT Asia) 2021 жылға арналған негізгі турнирлерінің өтетін уақыты мен орнын жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.

Құрлықтық күнтізбеге сәйкес Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі 2021 жылы 26-27 наурызда Амманда өтеді. Оның артынан 28 наурызда Иордания астанасында Токио Паралимпиада ойындарының іріктеуі өтеді деп жоспарланған.

Ал 2021 жылдың 21-23 сәуір аралығында Ливан астанасы Бейрутта WT таэквондодан Азия чемпионаты өтеді деп жоспарлануда. Пуамса және паратаэквондо бойынша құрлықтық чемпионаттар сәйкесінше 19 және 20 сәуірге белгіленген. WT Президентінің кубогы – Азия аймағы 2021 жылы 17-22 маусымда Палестинада өтеді. WT Asia Халықаралық жарыстардың күнтізбесі Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Азия елдерінде G1 және G2 санаттарының ашық чемпионаттарын бекітуіне байланысты жаңартылатынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы