21-25 желтоқсан күндері теннистен «Aktobe Masters 12& under» турнирі мәресіне жетті.
Жарысқа Нұр-Cұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларынан 62 қатысушы қатысты, деп жазады Olympic.kz.
Қыздар арасында ақтөбелік Ева Корышева үздік атанды, ол ақтық сайыста алматылық Данайя Амангажиеваны жеңді.
Үшінші орынды ақтөбелік Аружан Дандаева иеленді.
Ұлдар арасында бірінші орынды Мансұр Қайролла (Нұр-Cұлтан) иеленді. Шешуші кездесуде Мансұр Ярослав Пшеничныйды жеңді.
Жүлделі үшінші орынды Тараздан келген Дамир Дүйсенғазин қанжығасына байлады.
Қыздар арасындағы жұптық сайыста Аружан Дандаева мен Ева Корышева жеңсе, ұлдар арасында Мансұр Қайролла мен Дамир Дүйсенғазин топ жарды.