418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА рейтингі бойынша үздік қазақстандық клуб белгілі болды

  • 149
  • UPD: 23:05, 26.12.2020
УЕФА рейтингі бойынша үздік қазақстандық клуб белгілі болды

УЕФА ресми сайты Еуропа Чемпиондары кубогі мен Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік командалардың рейтингін жариялады.

445 матчта 265 жеңіске жеткен «Реал» көш басында тұр. Корольдік клубтан кейін «Бавария» жайғасты. Үштікті «Барселона» түйіндеді. 

Одан кейінгі орындарда командалар мына ретпен жайғасқан: «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Милан», «Ливерпуль», «Бенфика», «Порту» және «Аякс». 

Қазақстан клубтарының арасында «Астана» үздік көрсеткішке ие. Елордалық команда 107-орында тұр. Астаналық командадан кейін «Ақтөбе» (145), «Шахтер»(230), «Астана-64» (300), «Қайрат» (371), «Ертіс» (422) және «Тобыл» — (432) жайғасты.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы