423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропада қалады

  • 261
Биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропада қалады olympic.kz

Қазақстандық биатлоншылар Еуропада дайындығын жалғастырады.

Бұл туралы Қазақстан биатлоншылар одағы хабарлады.

- Короновирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдыртпау, сондай-ақ жаңа жылдан кейін шетелге шығуға тыйым салу мүмкіндігін болдырмау үшін ҚР биатлоншылар ұйымы басшылығы Қазақстан құрамасын Еуропада қалдыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар спортшыларға ұлттық виза беріліп Еуропада шексіз қалуға мүмкіншіліктері пайда болғаны туралы хабарлады. Бұл Словениядағы биатлон федерациясы мен Поклюка қ. биатлон базасымен орынды келіссөздердің жүргізілуі арқасындағы іске асқан ісшара болып табылып отыр.

Құрама 20 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізе алып ,ол жерден тікелей Германиядағы Әлем Кубогінің келесі кезеңіне кедергісіз жете алады. Осылайша, біздің Құрама алдағы ақпан айында словениялық Поклюка қаласында өтетін Әлем Чемпионатына толыққанды дайындықтарын өткізе алады.

Құрама тізімі: Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Сергей Сирик, Александр Мухин, Дастан Делдеш, Данил Белецкий және оларға енді қосылатын ҚР Кубогының 2-кезеңінің жеңімпаздары Киреев Владислав пен Ахатова Людмила қосылады. Сондай-ақ жаңа жылдан кейін Құрама қатарын Климина Дарья мен Вишневская Галина толықтырады. Дәл қазір қосылу кейбір отбасылық жағдайларға байланысты орынды болмай отыр деген хабарымыз бар, - делінген ресми хабарламада.

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы