«Қайсар» сапында ойнаған футболшы 37 жасында көз жұмды
- 139
- UPD: 16:45, 27.12.2020

«Қайсар» сапында ойнаған Беларусь футболшысы Максим Цыгалко өмірден озды, деп хабарлайды Vesti.kz Tribuna.com басылымына сілтеме жасап.
Футболшының жасы 37-де ғана болатын. Қалай қаза болғаны жайлы хабар айтылмаған.
Максим Цыгалко 2004 жылы Беларусь елінің чемпионы, кубок иегері (2002/2003) болған. Ұлттық құрама сапында екі ойынға қатысқан.
Өз елінде «Динамо Минск», «Нафтан», «Савит» командаларында, Арменияның «Бананц» клубында доп тепкен. 2007-2008 жылдары Қызылорданың «Қайсар» командасында ойнаған. 21 кездесуге шығып, 7 гол соққан.