420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Криштиану Роналду ғасырдың үздік футболшысы атанды

  • 234
  • UPD: 10:43, 28.12.2020
Криштиану Роналду ғасырдың үздік футболшысы атанды prosports.kz

27 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) жыл сайынғы Globe Soccer Awards салтанатты шарасы өтті.

Биыл ұйымдастырушылар «Ғасыр футболшысы», «Ғасыр жаттықтырушысы», «Ғасыр клубы» және «Ғасыр агенті» марапаттарының жеңімпаздарын анықтады. Әңгіме ХХІ ғасыр туралы болып отыр (2001 жылдан 2020 жылға дейінгі жылдар), деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» пен Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды.

Ғасырдың ең үздік бапкері «Манчестер Сити» бас жаттықтырушысы – Хосеп Гвардиола, ал ең үздік клуб «Реал» болды. Үздік агент – Роналдудың мүддесін қорғайтын Хорхе Мендес.

Хабар 24 телеарнасы