429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шавкат Рахмонов қолданған тәсіл UFC-де «Үздік сабмишн» атанды

  • 262
  • UPD: 10:49, 28.12.2020
Шавкат Рахмонов қолданған тәсіл UFC-де «Үздік сабмишн» атанды

ЮФС-дің  ресми сайтында жанкүйерлер жылдың үздік спортшысын таңдады. Дауыс саны бойынша қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов «Үздік сабмишн» аталымын иеленді. Айта кетейік, кәсіби деңгейдегі халықаралық жарыста Рахмонов бір рет ғана бақ сынады. 24 қазанда Абу-Дабиде өткен кеште ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесті.

26 жастағы қазақстандық ММА шебері тұншықтыру әдісін қолданып, тәжірибелі  қарсыласын бірінші раундта берілуге мәжбүрледі. 

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Тұрақты біріншілікте Рудныйдың «Горняк» командасы елордалық «Номадтан» ойсырай ұтылды. Есеп:6:0.  Алғаш болып айдын иелері есеп ашты. Шабуылшы Алексей Зубов елордалық клубты алға шығарды. Ол сондай-ақ ойынның 26-минутында дәл осы жетістігін қайталады. Кейін Панюков, Бутенко, Гатиятовтар салған шайба «Номадқа» сөзсіз жеңіс әкелді.

Ал «Сарыарқа» мен «Снежный Барс» командалары арасындағы ойында жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Қарағандылық хоккейшілер соңғы мүмкіндікті мүлт жіберімеуге тырысты. Нәтижесінде овертайм 2 де 1 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына шешілді. Сондай-ақ Өскеменнің екі командасы өзара мықтыны анықтады.

«Торпедо» «Алтай Торпедоны» ірі есеппен жеңді. Олег Болякиннің шәкірттері  матчта 8 шайба салды. Ал «Алтай Торпедо» бір ғана ұпайды қанаған тұтты.

Футболдан ағылшын премьер лигасынның 15-кезеңінде «Ливерпуль» «Вест Бромвич» командасымен кездесті. Ойынның 12-минутында синегалдық Садьо Мане мергендік танытты. Артынша қорғаушы Семи Аджайи таразы басын теңестірді. Итжығыс түскен аяқдопшылар осыдан кейін гол соқпады. Матч 1 де 1 есебімен тең  аяқталды.

Айта кетейік, қазір «Ливерпуль» 32 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. «Вест Бромвич» 8 бал жинап, 19-орынға тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы