425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тағы бір қазақстандық Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды

  • 237
Тағы бір қазақстандық Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды Prosports.kz

Arlan MMA Pro кәсіби командасы Instagram-дағы парақшасында Санжар Әділовтің EFC-мен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әділов - Arlan MMA Pro мүшесі.

Оның жаңа келісімі 4 шайқасқа арналған. Ол 2021 жылы Eagle Fighting Champrionship жарысына қатыса бастайды.

Еске салайық, промоушен Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

Еске салайық, Санжар бұдан бұрын EFC-де өнер көрсеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 5 желтоқсанда EFC 30-да өтті. Ол қырғызстандық Бектұрсын Кайыпназаровпен (8-8) кездесіп, бірінші раундта жеңді.

Бұған дейін қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан промоушенмен келісімшартқа отырған еді.

Хабар 24 телеарнасы