420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» мен DAZN мамырда Головкинмен жұдырықтасу бойынша келісімге келді

  • 134
  • UPD: 11:16, 29.12.2020
«Канело» мен DAZN мамырда Головкинмен жұдырықтасу бойынша келісімге келді

Екінші орта салмақта WBC және WBA чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін белгіледі.

27 ақпан Мексикада «Канело» міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесуде WBC титулын қорғайды.

Егер Альварес жарақат алып қалмаса, келесі жекпе-жегін мамырда әдеттегідей «Синко де Майо» мерекесінде өткізеді.

BoxingNews24 шолушысы Дэн Эмброуздың мәліметінше, Альварес DAZN платформасымен үш мүмкіндікті мақұлдаған – қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас, екінші орта дивизионда WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) немесе IBF титулына ие америкалық Калеб Плантпен (20-0, 12 КО) жекпе-жек.

Хабар 24 телеарнасы