418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПСЖ бас бапкерін қызметінен босатты

  • 175
  • UPD: 16:58, 29.12.2020
ПСЖ бас бапкерін қызметінен босатты

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының бас бапкері Томас Тухель қызметінен кетті.

Бұл туралы париждік клуб ресми мәлімдеді, деп хабарлады prosports.kz.

Айта кетейік, Тухель ПСЖ тізгінін 2018 жылдың жазында ұстаған. 47 жастағы маманның париждіктермен келісімшарты 2021 жылдың маусымына дейін жасалған.

Оның жетекшілігімен ПСЖ Франция чемпионатында екі рет жеңіске жетті, сонымен қатар 2019/20 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Хабар 24 телеарнасы