2020 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы болып алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев танылды, деп хабарлайды PFLK.kz
Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері һәм капитандардың дауыс беруінен кейін Ғафуржан үздік атанды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша үздіктер тізімі мынадай:
- Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 74 ұпай;
- Нұралы Әліп («Қайрат») – 56 ұпай;
- Сергей Малый («Тобыл») – 30 ұпай;
- Раде Дугалич («Қайрат») – 21 ұпай;
- Ілияс Әмірсеитов («Қайсар») – 17 ұпай.