Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) нокаутын жылдың ең үздіктерінің бірі деп атады.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Қазан айында өткен жекпе-жегінде қазақстандық боксшы аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта сұлатқан болатын.