427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду еуропалық ТОР-5 чемпионаттың үздік сұрмергені атанды

  • 217
  • UPD: 10:38, 31.12.2020
Роналду еуропалық ТОР-5 чемпионаттың үздік сұрмергені атанды

Туриндік «Ювентус» шабуылшысы 35 жастағы Криштиану Роналду 2020 жылы Еуропаның үздік бес лигасы бойынша үздік сұрмерген атанды, деп хабарлады Prosports.kz.

Роналду А сериясында 33 гол соқты. Ал «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовский неміс Бундеслигасында соққан 32 голымен екінші орында тұр.

Рейтингтің үшінші орны А сериясында 28 гол соққан римдік «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобилеге бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы