421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

  • 155
  • UPD: 11:28, 31.12.2020
«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» Ресейдің «Металлург» командасымен кездесті. Ойын басында-ақ елордалық хоккейшілердің басымдығы байқалып тұрды. 12-минутта шабуылшы Мэтт Фрэттин мергендік танытты.

Екінші кезеңде де қазақстандық клуб қарқынын жоғалтпады. 23-минутта Диллон Хитерингтон гол соқты. Қарсыластар да қарап қалмай, ұпай еншілеуге барын салды. 37-минутта Николай Голдобин есеп айырмасын қысқартты. Ал үшінші кезеңде командалар тең түсіп, матч овертаймға ұласты. Онда қазақстандық команда сапынан Мэтт Фретин шайба салып, осылайша «Барыс» биылғы жылдың соңғы ойынында жеңіске жетті. Ал келер жылы елордалық клуб сырт айдында Ресейдің «Амур» командасымен шеберлік байқасады. 

Ағылшын премьер лигасындағы соңғы ойын «Ньюкасл» – «Ливерпуль» арасында өтті. Алаң иелері шабуылдан гөрі қорғанысын бекемдеді. «Қызылдар» қанша тырысқанымен қақпадан саңылау таба алмады. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Қазір «Ливерпуль» турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал екінші орынға  33 ұпай еншіліген «Манчестер Юнайтед» тұрақтады. Айта кетейік, Юрген Клопптың шәкірттері алдағы жылы алғашқы матчты «Саутгемптонға» қарсы өткізеді.

Испания  премьер лигасының 16-туры аясында Мадридтік «Атлетико» «Хетафені» қабылдады. Ойын 1 де 0 есебімен алаң  иелерінің жеңісімен аяқталды.

Матчтың 20-минутында жалғыз голды шабуылшы Луис Суарес соқты. «Атлетико» 35 ұпай жинап, тұрақты чемпионатта бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орынға 32 ұпаймен «Реал» жайғасты. Үздік үштікті «Реал Сосьедад» түйіндейді.

Хабар 24 телеарнасы