424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Геннадий Головкин мексикалық боксшымен жекпе-жек бойынша келіссөз бастады

  • 350
  • UPD: 16:09, 31.12.2020
Геннадий Головкин мексикалық боксшымен жекпе-жек бойынша келіссөз бастады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 KO) жекпе-жек бойынша келіссөз бастады, деп жазды vesti.kz.

Бұл туралы ESPN басылымына мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран хабарлады. Бельтран бұл кездесу 2021 жылдың мамырына белгіленіп отырғанын атап өтті. 

«Әзірге бәрі жақсы өтіп жатыр. Осы жекпе-жекті өткізуге жақсы мүмкіндік бар. Қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатырмыз», - дейді ол. 

Мунгия соңғы жекпе-жегінде багамалық бокс ардагері Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы