Станимир Стоилов Болгарияға оралудан бас тартты

Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов болгариялық команданы жаттықтырмайды.

«Лудогорец» клубының өкілдері жаттықтырушымен кездесіп, келіссөз жүргізген. Станимир Стоиловқа жылына 1 миллион еуро жалақы көрсетілген ұсыныс жасалды.

Алайда «Тема Спорт» ақпараты бойынша 53 жастағы маман ұсыныстан бас тартты. Өйткені ол әзірге шетелде жұмыс істегісі келеді екен.

Айта кетейік, Станимир Стоилов «Астананы» 2014-2018 жылдар аралығында жаттықтырған.