Golden Boy промоутері Оскар Де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«GGG командасымен бокстағы ең мықты айқас - Головкин — Мунгия жекпе-жегін 2021 жылы өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке шыққысы келеді», — деді Де ла Хойя.
Промоутердің айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Геннадий Головкин желтоқсан айында өткізген жекпе-жегінде Польша боксшысы Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді.