421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» орта салмақтағы WBA Super белбеуінен бас тартты

  • 145
«Канело» орта салмақтағы WBA Super белбеуінен бас тартты Prosports.kz

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) бұдан былай орта салмақта бірде-бір әлем чемпионы белдігінің иегері емес, деп жазады Prosports.kz.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының жаңартылған ретингісінде «Канелоның» енді орта салмақта WBA Super чемпионы емес екені көрсетілген. Бұл салмақта WBA Regular белбеуі жапон боксшысы Риота Муратаға тиесілі.

Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо өз шәкіртінің екінші орта салмақта (168 фунтқа дейінгі) жұдырықтасуға назар аударғысы келетінін растады: «Ол қазір 168-де өнер көрсетіп жүр, бұл оның бірінші кезектегі салмағы. Енді салмақ тастап, орта дивизионда бақ сынау ойымызда жоқ.

Айта кетейік, Сауль Альварес WBA Super белбеуіне 2018 жылдың 15 қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинді төрешілердің шешімімен жеңіп, қол жеткізген болатын.

Альварестің орта салмақтағы соңғы жекпе-жегі 2019 жылы 4 мамырда Лас-Вегаста өтті. Аталған жекпе-жекте ол америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі уақытта Альваре екінші орта салмақта WBA Super және WBC белбеулерінің иегері. Бұл титулдар үшін ол 19 желтоқсанда британиялық Каллум Смитпен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңді.

Хабар 24 телеарнасы