ҚХЛ желтоқсан айындағы үздік хоккейшілерді анықтады

Құрлықтық хоккей лигасы төрт номинация бойынша желтоқсан лауреаттарын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

Үздік қақпашы – Александр Еременко(«Динамо», Мәскеу)

Алты матчта алты жеңіске жетіп, оның екеуінде қарсыластары қақпа кілтін таба алмады. Оның қақпасына 184 соққы жасалды (матчта 30,7), қақпашы 96,7% сенімділік коэффициентіне ие болды.

Үздік қорғаушы – Степан Фальковский («Динамо», Минск)

Ол тоғыз матчта төрт жеңіске жетіп, 6 (3 + 3) ұпай жинады және «+6» пайдалылық индексін көрсетті.

Үздік шабуылшы – Стефан Да Коста («Ақ Барс»)

Ол командасымен бірге 9 матчтың сегізінде жеңіске жетті және «+2» рейтингімен 16 (8 + 8) ұпай жинады. 

Үздік жаңа ойыншы - Иван Чехович («Торпедо») 

11 матчта 10 (6 + 4) ұпай жинап, «+7» пайдалылық индексімен үздік жаңа ойыншы болып танылды.