Қазақстандық теннисші жүлде қоры жарты миллион долларлық турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар қатысушылар қатарында Гарбиниер Мугурус, Елена Остапенко және Светлана Кузнецова, Каролина Плишкова, Элина Свитолина бар. 

Жарыстың жүлде қоры $ 565 530 /шамамен 237 млн теңгеден астам қаржы/. 

Абу-Даби турнирі 5-13 қаңтар аралығында өтеді.