Италия чемпионаты: «Интер» турнирлік кестеде көш бастады

Италия А сериясының 15-турында «Интер» өз алаңдына «Кротоне» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында 6:2 есебімен «Интер» жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін «Интер» 15 ойында 36 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға шықты. Бірақ екінші орында тұрған «Милан» бір ойын кем өткізген.