«Барыс» хоккейшілері ресейлік «Амурды» жеңді

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Амур» командасымен кездесті, деп жазды Prosports.kz.

Бұл ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал буллит сериясында қазақстандық команданың мерейі үстем болды. 

Осы жеңістен кейін «Барыс» 39 матчта 47 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 8-орынға жайғасты. 

Ал «Амур» Шығыс конференциясында 10-орында қала береді. Хабаровскілік команда 42 ойында 32 ұпай ғана жинаған. 

«Амур» Ресей  – «Барыс» Қазақстан – 4:5 Б (2:1, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1) 

0:1 - Фрэттин (Панюков) - 12:52 

1:1 - Полунин (Голубев) - 14:25 

2:1 - Лугин (Бутузов, Пьянов) - 17:40 ГБ

3:1 - Йордан (Зогорна) - 27:49 

3:2 - Акользин (Мусоров) - 32:54 

3:3 - Старченко (Блэкер, Михайлис) - 34:41 

4:3 - Терещенко (Пьянов) - 52:07 ГБ 

4:4 - Михайлис (Акользин, Диц) - 52:55 

4:5 - Старченко - 65:00 Б.

Сондай-ақ...