418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда үстел теннисінен екі ірі турнир өтеді

  • 191
  • UPD: 19:34, 04.01.2021
Қарағандыда үстел теннисінен екі ірі турнир өтеді

Қаңтар айында Қарағанды қаласында үстел теннисінен екі бірдей ірі турнир өтеді.

7-10  қаңтар күндері «Saryarka» үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу бәсекесі ұйымдастырылады. 

Ал 11-17 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтеді. 

Ғаламдық індетке байланысты бірнеше айдан бері жарысқа шықпаған спортшылар кеншілер ордасында бас қоспақ. Чемпионатқа команда үздігі Кирилл Герасименкодан басқа спортшылар түгел қатысады. 

Ал командалық және аралас сында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен өзге де облыс орталықтарының ұжымы бақ сынайды.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы