«Барселона» командасының екі ойыншысынан коронавирус анықталды

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әзірге сырқаттанған аяқдопшылардың аты-жөні құпия қалып отыр. Ал ертең команда түгелдей тестілеуден өтеді. Сондықтан 7 қаңтарға жоспарланған «Барселона» – «Атлетико» матчы өтуі екіталай.