Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында конькимен жүгіруден жастар арасында Қазақтан чемпионаты мен кубогі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған ел біріншілігі 26-28 қаңтар күндеріне жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан конькишілер федерациясы мәлімдеді.

Нұр-Сұлтандағы «Алау» спорт кешенінде өтетін дода санитарлық талаптарды сақтай отырып, көрермендерсіз өтеді.