ATP 250: Қазақстан теннисшілерінің қарсыластары анықталды

Теннистен Анталияның ашық біріншілігінде жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребеге сәйкес, қазақстандық спортшылардың кортқа шығу кестесі мына ретпен түзілді. Ел үкілеп, үміт артып отырған Александр Бублик 7 қаңтарда италиялық Сальваторе Карузомен кездеседі. Ал жұптық сында ол серігі Андрей Голубевпен бірге Давид Гоффен және Пьер-Юг Эрберге қарсы ойнайды. Сондай-ақ жерлесіміз Андрей Голубев 5 қаңтарда  жекелей сында Словак спортшысы Алекс Молчанмен шеберлік байқасады. Ал Александр Недовесов  украиналық Денис Молчановпен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 5 қаңтарда шымылдығы түрілген байрақты бәсеке  13 қаңтарға дейін жалғасады.