Еліміздің бокстан әйелдер құрамасы «Ұлттар кубогіне» қатысады

Әйелдер боксынан ұлттық құрама мүшелері «Ұлттар кубогі» халықаралық додасына қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан  «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирі өтеді. Байрақты бәсеке 9-17 қаңтар аралығына жоспарланған.

Аталған додада Қазақстан әйелдер боксы құрама командасынан 9 спортшы қатысады:

Арайлым Марат (48 кг)

Дина Жоламан (54 кг)

Владислава Кухта (57 кг)

Римма Волосенко (60 кг)

Жансая Балтабекова (64 кг)

Валентина Хальзова (69 кг)

Марина Вольнова (75 кг)

Гүлсая Ержан (81 кг)

Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)