Юлия Путинцева Абу-Даби турнирінің бірінші кезеңінен сүрінбей өтті

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Юлия Путинцева Абу-Дабидегі WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды olympic.kz.

Бірінші кезеңде Путинцева әлемнің 85-і ракеткасы, италияндық Мартина Тревизанмға қарсы ойнаған болатын.

1 сағат 23 минутқа созылған матчта Юлия Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін тағы бір қазақстандық спортшы Зарина Дияс та жарысты бастайды. Оның қарсыласы - ресейлік Екатерина Александрова.