Илья Ильин Ақтөбедегі жаңартылған ауыр атлетика залының ашылуына қатысты

Ақтөбе қаласының ауыр атлеттері жаңажылдық керемет сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Жастар» ОБЖСМ-де «Жас қуат» бағдарламасы аясында жаңартылған ауыр атлетика залының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысы федерациясының президенті Қанат Ақшолақов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Евгений Гончаров, спорт ардагері Қазиев Мұрат Жұмағалиұлы және басқалар қатысты.

«Бұл зал бұрынғыдай есімде. Бала кезімде мен мұнда бірнеше рет өнер көрсеттім, өйткені Ақтөбе қаласында ақпан айында ауыр атлетикадан жыл сайын турнир өтетін. Өзгерістер, әрине, айқын. Федерация «Жас қуат» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, үлкен жұмыс атқаруда, өйткені жеңістер мен әлемдік рекордтарды жасайтын болашақ чемпиондар алғашқы қадамдарын осы залдарда бастайды», - деді ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин:

Залда қабырғалар мен едендерді жөндеу-демонтаждау күрделі жұмыстры жүргізілді, бетон тұтастырулар жүзеге асырылды, еден жабындары ауыстырылды, залдың қабырғалары мен төбесі жаңартылды, қосымша киім ілетін орын жабдықталды. Федерация сонымен қатар заманауи лицензияланған жабдықтардың үш жиынтығын, сондай-ақ екі балалар штангасын ұсынды.

«Мен бірінші кезекте спортшы ретінде біз үшін жақсы құрал-жабдықтар, тұғырлар бірінші орында екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ ыңғайлы жаттығу процесі үшін киім ауыстыратын кең бөлмелер, душ және жаттықтырушылар үшін жаттығу жоспарымен жұмыс істеп, қажетті кездесулерді өткізуі үшін барлық қажетті жиһаздар, үстелдер мен орындықтармен жабдықталған бөлмелердің болуы маңызды. Бұлардың барлығы залда болғаны керемет! Ендігі жұмыс спортшыларда, барлық жағдай жасалған, тіпті артық!» - деп атап өтті Илья Ильин.

Айта кетейік, «Жас қуат» бағдарламасы 2019 жылы басталды. Осы уақыт ішінде жабдықтарды жөндеу және жаңарту он бір аймақтық залда өтті, онда Федерация заманауи штангалар мен едендік платформаларды жеткізді. Бағдарлама бұқаралық спортты дамытуға бағытталған, өңірлердегі инфрақұрылымды жаңарту және дарынды спортшыларды көтермелеу арқылы жоғары спорттық нәтижелердің сабақтастығын қолдауға ықпал етеді.