Бокс: 2020 жылғы үздік нокаут иесі анықталды

2020 жылғы үздік нокаут иесі болып ресейлік боксшы Александр Поветкин (36-2-1, 25 КО) танылды.

Поветкин өткен жылдың 22 тамызында британдық Диллиан Уайтты (27-2, 18 КО) ауыр нокаутқа жіберген еді.

Ал оның алдындағы екі кездесуінде де ресейлік нокаутқа ұшырап, жеңіліс тапқан болатын. Бұл нокауттың арқасында Александр Поветкин әлем чемпионы «уақытша» титулын жеңіп алған.

Үздік нокаут иесі тізіміне Поветкиннен бөлек Райан Гарсия, Жо Жорж, Хосе Сепеда, Жервонта Дэвис пен Энтони Жошуа үміткер еді. Алайда ресейліктің жолы болып кетті.

Boxingscene.com

Сондай-ақ...