Зинедин Зидан оқшауланды

«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан оқшауланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған маңайындағы қызметкердің коронавирус жұқтыруы себеп. Қазір атақты аяқдопшы ПТР тестінің қорытындысын күтуде. Ал антиденелердің бар-жоғын білуге арналған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Испания чемпионатының талабына сәйкес, ол үш күннен кейін қайта тексеріледі. Сондықтан «Осасуна» және «Атлетикомен» болатын матчтарға қатыса алмауы мүмкін.