Дзюдодан Masters турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

11-13 қаңтар күндері Катар астанасы Дохада дзюдодан маусымашар турнир – Masters бәсекесі өтеді.

Аталған сынға әр салмақ бойынша рейтингте ТОП-36 қатарына енген спортшылар ғана қатысады алады.

Ұлттық олимпиада комитеті сынға түсетін қазақстандық дзюдошылар тізімін жариялады.

Masters турниріне Қазақстан командасынан жеті балуан шақырту алған.

Олар: 

60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев;

66 келі: Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов;

73 келі: Жансай Смағұлов;

81 келі: Дидар Хамза;

90 келі: Ислам Бозбаев;

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.