Атақты түрік аспазы Хабибтің құрметіне ерекше торт жасады

Әлемге әйгілі түрік аспазы Бурак Оздемир жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке арнап торт жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кондитерлік өнімдердің басты безендірілуі – Хабибтің чемпиондық белбеуі түріндегі элемент.

«Көп рақмет, Бурак Оздемир бауырым! Бұл керемет кешкі ас болды», - деп жазды Нурмагомедов өзінің Instagram-да жариялаған аспазбен және оның жұмысымен бірлескен суреттің астына.

Ыстамбұлда бірнеше жоғары деңгейлі мейрамханалардың иесі 26 жастағы Бурак Оздемир 2020 жылдың желтоқсан айында Дубайда мейрамхана ашты. Аспаз желіде өте танымал. Оның инстаграм парақшасына жазылушылар саны 19 миллионнан асады.