Головкиннің командасымен келіссөз жүріп жатыр. Оскар Де Ла Хойя GGG – Мунгия жекпе-жегі жайлы

Алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя GGG – Мунгия жекпе-жегі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Геннадий Головкин Хайме Мунгияға қарсы ма? Иә, Геннадийдің адамдарымен келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан мен бұл жекпе-жекті жақын арада жариялауым мүмкін. Бұл жекпе-жек көпшілікті қызықтырады деп ойлаймын. Иә, Мунгия көп соққы өткізеді, бұл құпия емес. Бірақ оның соққысы да жойқын екенін ұмытпаған жөн, – дейді Де Ла Хойя.

Бұған дейін Оскар Де Ла Хойя бұл айқас Мексиканың ұлттық мерекесі күні өтуі мүмкін екенін айтқан.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде поляк Камил Шереметаны жеңіп, 21-рет өзінің титулын сәтті қорғады. Жекпе-жек өткен жылдың желтоқсанында өтті.