Паралимпиада чемпионы З.Габидуллина өз таңдауын жасады

Таразда Паралимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Зульфия Габидуллина да өз таңдауын жасады.

Әлемнің ең үздік он спортшысының қатарына кіретін Тараз тұрғыны сайлауға қатысу әрбір азамат үшін маңызды міндет дейді. Жалпы Жамбыл облысында 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауына еш кедергі жоқ. Тараз қаласы бойынша 10 инватакси қызмет көрсетіп, сайлаушыларды тиісті учаскелерге жеткізуде.

Зүлфия Габидуллина, Паралимпиада ойындарының чемпионы:

 -Қазақстан халқы үшін бұл сайлаудың маңызы зор, жаңа сайланған үміткерлер ел үмітін ақтап, еліміздің дамуы үшін еңбек етеді деп сенемін. Сол арқылы жақсы жаққа қарай өсіп-өркендей берейік!