Павлодарда конькимен сырғанаудан Олимпиада чемпионы дауыс берді

Елімізге танымал азаматтар халықты сайлауға қатысып дұрыс таңдау жасауға шақырады.

Олимпиада ойындарының қолға жүлдегері Людмила Прокашеваның айтуынша, бұл  ұлт болашағы үшін керек. Атақты спортшы дәл осы сайлаудан үлкен үміт күтетінін жасырмады. Конькиден сырғанаудан спорт шебері елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық нысандардың аздығын атап өтті.

Людмила Прокашева, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Масканы ұмытып кетсең маска береді. Қолғап жоқ болса қолғап дайын. Сайлау учаскесінде адамдардың қауіпсіздігіне қажет дүниенің бәрі бар. Сондықтан әрбір ел азаматы өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын.