421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду әлемдегі ең көп гол соққан футболшы атанды

  • 172
  • UPD: 09:53, 11.01.2021
Роналду әлемдегі ең көп гол соққан футболшы атанды Sports.ru

Бұдан бөлек, бомбордир Еуропа лигасының кейінгі 15 маусымда 15 рет гол соққан тұңғыш спортшы атанып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның үлесіне 759 доп тиесілі. Осылайша Роналду өткен ғасырдағы үздік аяқдопшы Йозеф Бицанның ерлігін қайталады. Тарихи дерек А сериясы аясында ұйымдастырылған «Ювентус» -«Сассуоло» матчында тіркелді. Ойында Андреа Пирло шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Туриндіктер 33 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға шықты. Ал «Сассуоло» 29 ұпаймен 7-сатыға табан тіреді. 

Хабар 24 телеарнасы