Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарыстың ширек финалына шықты.

Жерлесіміз Ресей спортшысы Дарья Касаткинаны айқын басымдықпен ұтты. Екі сетте есеп 6:3 және 6:4 болып аяқталды. Енді ол Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен сынға түседі. Ал Юлия Путинцеваға керісінше, сәттілік жетіспеді. Ол әлемнің төртінші ракеткасы саналатын америкалық Софья Кенинге есе жіберді. 2 сағат 43 минутқа созылған тартыста 6:3, 6:7 және 4:6 есебі тіркелді.