Дохада татамиге шыққан қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды

Елдос Сметов алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Дәл қазір Катар астанасында дзюдодан халықаралық турнир өтіп жатыр.

«Мастерс» сериясындағы бәсеке спортшылардың әлемдік ретингіне тікелей әсер етеді. Яғни алдағы Олимпиаданың іріктеуіне ықпалы бар. Осыған байланысты Дохадағы додаға 70-ке жуық елдің ең үздік дзюдошылары жиналды. Жарыстың алғашқы күні 4 бірдей жерлесіміз татамиге шықты. Олардың арасында 60 келіге дейінгілер арасында Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев алғашқы белсесуде қарсыласқа есе жіберді. Ал 66 келіге дейінгілер арасындағы Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақановта жақсы мүмкіндік болған. Олар келесі айналымдарға өткенімен жүлдеге қол соза алмады. Бүгін тағы 3 жерлесіміз бағын сынайды. Бұл Жансай Смағұлов, Дидар Хамза және Ислам Бозбаевтар. Катардағы жарыс 3 күнге созылады.

Ал қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерге қатысып, рейтингтік ұпай жинауға кірісті. Мәселен, Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен ашық чемпионаттың ширек финалына дейін жетті. Соңғы сында Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға ғана есе жіберді. Тағы бір жерлесіміз Александр Бублик дәл қазір Түркияда бағын сынап жатыр. Ол жарыстың үздік теннисшісі Маттео Берреттиниді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Айта кетейік, италиялық теннисші әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығында тұр. Ал Бублик қазір 49-сатыда. Соған қарамастан жерлесіміз айқын басымдықпен ұтты. Енді ол финалға шығу үшін Франция өкілімен ойнайды.

Айта кетейік, Түркиядағы теннис турнирінің жалпы жүлде қоры 300 мың еуроны құрайды.