419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты бастады

  • 240
  • UPD: 10:10, 12.01.2021
Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты бастады

Бұрымды боксшыларымыз Олимпиадаға кешенді дайындықты бастады. Олар желтоқсан айында Түркия құрамасымен бірлескен жаттығу өткізген еді.

Енді дәл осындай форматтағы жиын Франция құрамасымен ұйымдастырылмақ. Токиодағы жазғы ойындарға жерлестеріміз 5 лицензия алуды көздеп отыр. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Ерік Алғабек мәлімдеді. Қазір қазақстандық қыздар еншісінде бір ғана жолдама бар. Оны 75 келіге дейінгілер арасындағы Надежда Рябец жеңіп алды. Қалған қыздар енді бақтарын сынайды.

Нақтырақ айтқанда, бірер аптадан кейін халықаралық жарыстар басталады. Ал Олимпиада алдындағы басты бәсеке әлем чемпионаты маусым айында болады. Жазғы ойындардың жолдамасы да сол Париждегі бәсекеде сарапқа салынбақ. Айта кетейік, Олимпиада ойындарына алты айға жетер-жетпес аралық қалды.

Хабар 24 телеарнасы