«Барселона» Мессидің орнын басатын футболшыны тапты

«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это'О каталониялық клубта Лионель Мессидің орнын кім баса алатынын айтты, деп жазды vesti.kz.

«Менің ойымша, Анси Фатидің болашағынан зор үміт күтуге болады. Қазіргі уақытта ол алаңда керемет дүниелерді істейді. Сондықтан да клуб бұл футболшыны қамқорына алып, Мессидің ізбасары ретінде дайындауы керек. Ол шынымен Мессидің орнын басады деп сенемін», - деп келтіреді шабуылшының сөзін Marca басылымы. 

Ансу Фати – «Барселона» командасының тәлімгері. Ол негізгі құрамда 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. «Барселона» сапында ол өткен жылы 25 тамызда «Бетиске» қарсы кездесуде бірінші матчын өткізіп, соңғы 78 жылда каталониялық клуб сапында алаңға шыққан ең жас футболшы атанды. Өзінің бірінші голын Ансу 31 тамызда «Осасуна» қақпасына соқты. Осылайша, ол команда тарихында гол соққан ең жас футболшы болды. 

Айта кетейік, өткен жазда Мессидің командадан кететіні туралы ақпарат шыққан болатын. Бірақ сол кезде команданың президенті қызметін атқарып отырған Хосеп Мария Бартомеу 33 жастағы шабуылшының трансферін бұғаттап тастады. Аргентиналық аяқдопшының командамен келісімшарты жазда аяқталады.