Александр Бублик мансабында үшінші рет ATP сериясының финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Анталиядағы ATP турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол француз Джереми Шардимен кездесті. Есеп 2:1 (6:4, 6:7, 6:3).

Екі сағат бес минутқа созылған матчта Бублик 11 қайталама қателік жіберіп, 14 эйс жасады.

Финалда жерлесіміз әлемнің 23-ракеткасы австралиялық Алекс Де Минаурмен ойнайды. Ойын ертең, 13 қаңтарда өтеді.