Елордада «Барыс» пен «Ақ Барыс» өзара мықтыны анықтады

Құрлықтық лигасы аясында қазақстандық клуб өз алаңында Қазан қаласының хоккейшілерін қабылдаған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қонақтар айқын басымдықпен жеңіске жетті және ерекшілігі сол, елоралық клубқа бұрынғы өз ойыншысы шайба соқты. Әңгімеміз Найджел Доус жайында. Ол 22-ші минутта мергендігімен көзге түсті. Матчтың өзі 2:4 есебмен аяқталды. Осылайша, «Барыс» 49 ұпаймен турнир тізімінің 8-ші сатысындағы орнын сақтап қалды. Ал, «Ақ Барыс» Шығыс конференциясының көшін бастап тұр. Юрий Михайлис баптайтын жігіттер енді лиганың тағы бір мықтысы – «Салават Юлаев» командасымен жолығады. Матч ертең елорда уақытымен 19:30-да басталады.

***

Жерлестеріміз жүлдесіз қалды

Бұрымды боксшыларымыз халықаралық турнирге қатысып жатыр.

Дәл қазір Словакияда Ұлттар кубогы өтуде. Жарыстың алғашқы күні жеңіл салмақтағы сындар өтті. Ел намысын қорғаған Дина Жоламан мен Арайлым Марат қарсыластарын ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Қалған жерлестеріміз бүгін өнер көрсетеді.

Жерлестеріміз жүлдеге іліге алмады. Катар астанасында дзюдодан халықаралық турнир жалғасып жатыр. Жарыстың екінші күні орта және ауыр салмақтағы чемпиондар анықталды. Еліміз атынан екі спортшы өнер көрсеткен еді. Әсіресе, Жансай Смағұлов бірнеше қарсыласын алып ұрып, жартылай финалға дейін жетті. 73 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қола жүлде үшін күресте германиялық дзюдошыға есе жіберді. Ал, 81 келіге дейінгілер арасында күрескен  Дидар Хамза алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні 4 бірдей қазақстандық дзюдошы татамиге шықты. Араларында ең тәуір көрсеткіш Ерлан Серікжановқа тиесілі. Ол жалпы есепте 7-ші орын алды.

***

Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады

Данияр Елеусінов ұлттық жобаға айналуға дайын. Бұл жөнінде кәсіпқой боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Жаңа әлем чемпионы атануға және ұлттық жобаға айналуға әзірмін» делінген хабарламада.

Айта кетейік, жерлесіміз бүгінге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті алтауын уақытынан бұрын аяқтады. Әсіресе, ең соңғы кездесуде намибиялық Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы IBF Intercontinental  белдігін иемденген еді. Соның арқасында  халықаралық бокс федерациясы рейтингінің алдыңғы ондығына кірді. Нақтырақ айтқанда, қазір ол 9-шы тұр. Енді биыл осы не өзге тұжырым бойынша чемпиондық белдікке таласып көрмек.