Қазақстандық жеті боксшы қыз «Ұлттар кубогінің» жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жеті спортшысы «Ұлттар кубогі» халықаралық жарысының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жарыстың ширек финалында қазақстандық боксшы Владислава Кухта Түркия спортшысын жеңіп, жартылай финалға шықты. 

Өкінішке орай, ұлттық құрама мүшелері Жансая Балтабекова мен Марина Вольнова қарсыластарына есе жіберді. 

Ал осыған дейін Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан, Ләззат Күнгейбаева, Дина Жоламан мен Арайлым Марат жартылай финалға шыққан болатын.