Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Ішкі біріншілік нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, олимпиадалық лицензия таласына дайындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен алғашқы жарыс күндері командалық сындар өтті. Қыздар арасындағы бәсекеге 13 құрама қатысты және оның қорытындысы бойынша, жергілікті спортшылар топ жарды. Финалдық сында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облысының құрамалары өзара мықтыны анықтаған еді. Тартысты өткен кездесулер сериясы 3:2 есебімен аяқталды. Шешуші сында Арай Әшкеева сауатты ойнап, өз командасына жеңіс әкелді. Ал қола жүлде Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына бұйырды. Ал ерлер арасында Батыс Қазақстан облысының құрамасы топ жарды. Екінші орында қарағандылық спортшылар үздік үштікті Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының құрамалары түйіндеді.