Теннис: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

Түркияда кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының турнирі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық спортшы финалға дейін жетіп еді. Соңғы сында аяғынан жарақат алып, ойынды тоқтауға тура келді. Кейін кордтқа қайта шықпайтынын мәлімдеді. Соған қарамастан Александр Бубликке 150 ұпай берілді. Бұл әлемдік рейтигтегі көрсеткішін жақсартып, 45-сатыға дейін көтерілуіге мүмкіндік ашады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші үшін бұл – кәсіпқой мансабындағы ең жоғарғы жетістік. Бұған қоса, финалға дейін жеткен жерлесімізге 20 мың еуро көлеміндегі сыйақы табысталды.